08:10 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1521)
234 0 0

Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеудің нақты тәртібі бар. Жергілікті жерде арнайы комиссиялар әрбір жағдайды жіті зерделеп шығуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 51 медицина қызметкерінің коронавирустан қайтыс болғанын растады. Алайда марқұмдардың инфекцияны қандай жағдайда жұқтырғанын арнайы комиссиялар анықтайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, біздің 51 әріптесіміз қайтыс болды. Біз олардың туған-туыстарына және жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. 13 шілде күні мемлекет басшысы қайтыс болған 42 медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен атап өтті", - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеудің нақты тәртібі бар. Оған сәйкес, жергілікті жерде арнайы комиссиялар әрбір жағдайды жіті зерделеп шығуы тиіс. Комиссия мүшелері індетті жұқтырудың себебін ғана емес, медицина маманы оны жұмыста жұқтырды ма, жоқ, әлде басқа бір жағдай болды ма, соның бәрін тыңғылықты қарайды. Зерттеудің негізінде денсаулық министрлігіне арнайы хаттама тапсырады.  

"Арнайы комиссиялар хаттаманы рәсімдеп, денсаулық министрлігіне жібереді. Ал министрлік тізім жасап, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдайды", - деп атап көрсетті Сұлтанғазиев. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына қатысатын медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу қарастырылған. Науқастармен жұмыс істейтіндерге қауіптілігіне қарай, 212,5-850 мың теңге көлемінде қосымша ақы беріледі. 

Медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге төленеді. Ал қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңгенің өтемақы төленеді.

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1521)

Тақырып бойынша

Қазақстандық дәрігер коронавирус індеті қашан тоқтайтынын айтты
"Бұл - қылмыс": депутат Сағынтаевқа маңызды мәселені жеткізді - видео
Әкімдік вирусқа қарсы препараттар кімдерге тегін берілетінін хабарлады
Денсаулық министрлігі ауыр жағдайда жатқан науқастар туралы ақпарат таратты 
Ғалым пневмонияның "қазақстандық" түріне қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
миллион теңге, коронавирус, дәрігер, медицина
Загрузка...

Басты тақырып