Қоғам

Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты   

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр труда и социальной защиты населения Казахстана Биржан Нурымбетов
Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Биржан Нурымбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жәрдемақыны заңсыз алғандардан ақшаны қайтаруды талап етеді. Егер орындамаса, сотқа жүгінеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына төленетін әлеуметтік төлемді заңсыз алғандарға қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр, ең алдымен, жұмыс берушілердің жауапкершілігіне тоқталды.

"Егер ертең жұмыс берушінің жалақысын алып жүргені, тұрақты жұмысы бар қызметкерлер үшін өтініш берілгені анықталса, әрине, ол заңбұзушылық. Бұл жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сол мекеменің үстінен шағымданып, ақшаны қайтаруды талап етеді. Егер орындамаса, сотқа жүгінуге мүмкіндігі бар. Әрі қарай барлығы соттың шешіміне байланысты", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

42 500 теңге: министрлік декретте жүрген әйелдерге қатысты шешім қабылдады

Ол 42 500 теңгені заңсыз алған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін де жауапкершілік барын ескертті. Егер карантинге байланысты жұмысы тоқтамағаны анықталса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ақшаны қайтаруды сұрауы мүмкін.

"Сондықтан ертең қосымша сұрақтар туындамас үшін өтінішті табысыңыздан айырылсаңыз ғана беріңіз", - деді министр.

Жаңалықтар
0