17:33 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (580)
776210

Нұрымбетов осы жылдың қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан, бала санына қарай жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетінін еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның 42 500 теңгені бала санына қарай төлеу туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр 42 500 теңге мемлекеттен төленетін жалғыз әлеуметтік жәрдемақы емес екенін еске салды.

"Бізде бюджеттен 39 әлеуметтік төлем төленеді, ай сайын шамамен 300 миллиард теңге. Оның сегізі – мемлекеттік жәрдемақы, олар дәл осы баласы бар отбасыларды қолдауға бағытталған", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты 

Ол осы жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан, бала санына қарай жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетінін атап өтті. Айтуынша, қазір 1 миллион 700 мыңнан астам бала тәрбиелеп отырған 390 мың көпбалалы отбасы ай сайын осы жәрдемақыны алады.

"Табысы аз, тұрмысы төмен отбасыларға балаларын қоса алғанда, әрбір отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бүгінде 660 мың адам тұратын 128 мың отбасы осындай қолдауға ие, олардың 442 мыңы балалар. Оларға мемлекеттен кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Сондықтан балалары бар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу саясаты іске асырылып жатыр. Мемлекет міндеттемелерді толық көлемде орындап отыр ", - деді министр.

Нұрымбетов мемлекеттік жәрдемақыларға бөлінетін қаржы биыл былтырғымен салыстырғанда әжептәуір, 372 миллиард теңгеден 581,5 миллиард теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті.

"Бірақ мына нәрсені түсінуіміз керек. Әр төлемнің өз заңнамалық негізі бар. Аталған жағдайда  42 500 теңге карантинге байланысты табысынан айырылғандарға беріледі. Бұл көмекке барлық отбасы ілікпейді. Егер бір отбасыда жұмыс істейтін бірнеше адам кірісін жоғалтса, олардың әрбірі өтініш беріп, 42 500 теңге ала алады", - деп түсіндірді министр.

Бұған дейін балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және 42 500 теңгені отбасындағы бала санына қарай төлеуді ұсынған болатын.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (580)

Тақырып бойынша

42 500 теңге: жалдамалы жұмысшылар үшін жұмыс беруші өтініш береді
42 500 теңге: министрлік декретте жүрген әйелдерге қатысты шешім қабылдады
Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
42 500 теңге: министр өтініш қашан қабылдана бастайтынын айтты
Кілт сөздер:
министр, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып