Қоғам

Қазақстанға қатынайтын репатриациялық рейстер тізімі жарияланды

Жазылу
Ресейден Отанына оралғысы келетін қазақстандықтар үшін шілде мен тамыз айында 18 рейс жасау жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Елге оралғысы келетін Қазақстан азаматтары үшін Мәскеуден Алматы мен Нұр-Сұлтанға екі рейс ұйымдастырылады.

"Air Astana" 18 шілде күні Мәскеуден (Домодедово) Алматыға және 22 шілдеде Нұр-Сұлтанға репатриациялық рейстерді орындайды", – деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанға билет құны 250 доллардан басталады, сіз Алматыға дейін 300 долларға алуға болады.

Қазақстандықтардың отанына оралуы

Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 18 репатриациялық  коммерциялық рейсін ұйымдастыратыны туралы хабарлады.

"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты

2020 жылдың 20 шілдесі мен 8 тамызы аралығында Мәскеу–Нұр-Сұлтан бағытында төмендегідей репатриациялық коммерциялық рейстер жоспарланған:

  • 20 шілде – SCAT рейсі;
  • 22 шілде – "Air Astana" рейсі;
  • 25 шілде – SCAT рейсі;
  • 30 шілде – SCAT рейсі;
  • 1 тамыз – "Air Astana" рейсі;
  • 8 тамыз – "Air Astana" рейсі.

18 шілде мен 4 тамыз аралығында Мәскеу–Алматы бағыты бойынша мынадай коммерциялық рейстер жоспарланған:

  • 18 шілде – "Air Astana" рейсі;
  • 21 шілде – SCAT рейсі;
  • 26 шілде – "Air Astana" рейсі;
  • 28 шілде – SCAT рейсі;
  • 4 тамыз – "Air Astana" рейсі.

Жоспарланған коммерциялық рейстер туралы қосымша ақпараттар Air Astana мен SCAT авиакомпаниясының ресми сайттарына орналастырылған. Жолаушыларға билеттерді авиакомпаниялардың өзі сатады. Ал билет сатып алу үшін алдымен осы сайттарда өтініш беру керек.

Жаңалықтар
0