17:48 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (580)
7234322

Қазақстандықтардан 42 500 теңгеге өтініш қабылдау күзге дейін жалғасады, алайда жәрдемақы шілде айына ғана беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Шілде айына төленетін әлеуметтік жәрдемақыға өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл жолы осы күнге дейін үлгеру керек деп шектеу қоймаймыз. Төлем шілде айына арналады, бірақ өтініштерді 1 қыркүйекке дейін қабылдай береміз. Порталдар сол уақытқа дейін жабылмайды", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Осы орайда министр қазақстандықтардан өтінішті бірнеше рет жібермеуді өтінді. Айтуынша, бұл порталдарға салмақ түсіреді. 

Оқи отырыңыз: Министр 42 500 теңгені бала санына қарай төлеу туралы ұсынысқа пікір білдірді 

Сонымен қатар, ол кімдерге әлеуметтік төлем проактивті, яғни өтінішсіз тағайындалатынын айтты.

"Біз шектеу шараларын сараптай келе, төтенше жағдай кезінде төлемді сәтті алған, жағдайы әлі де өзгере қойған жоқ-ау деген азаматтарға СМС-хабарлама жолдап жатырмыз. Егер сіз табысыңыздан айырылғаныңызды растап, 1 санын бассаңыз, ертең, жұма күні порталға кіріп өтініш берудің қажеті жоқ. Біз 42 500 теңгені проактивті түрде тағайындаймыз", - деп түсіндірді Нұрымбетов.

42 500 теңгені кімдер алады:

  • жалақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы жұмысшылар;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысып жүрген тұлғалар;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен істеп жүргендер;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеп жүрген жеке тұлғалар.
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (580)

Тақырып бойынша

Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты   
42 500 теңге: жалдамалы жұмысшылар үшін жұмыс беруші өтініш береді
42 500 теңге: министр өтініш қашан қабылдана бастайтынын айтты
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Министр 42 500 теңгені бала санына қарай төлеу туралы ұсынысқа пікір білдірді
42 500 теңге: министрлік декретте жүрген әйелдерге қатысты шешім қабылдады
Кілт сөздер:
SMS, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып