07:23 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8923 0 0

Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отырғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирус статистикасын жасырмау міндетін қойып отыр. 

Президенттің айтуынша, үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.

"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына пневмонияға шалдыққандарды коронавирус жұқтырғандар тізіміне қосу туралы сұрау жолдаған болатын.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деген еді денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова.

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын.

Тақырып бойынша

Өкпе зақымданған кезде қымыз бен шұбат ішуге бола ма - дәрігер жауабы
Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?
Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма – Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді
Кілт сөздер:
коронавирус, қоғам, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып