Қоғам

Мүфтият құрбандық шалудың тағы бір жолы туралы айтты

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуҚой
Қой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Qurban2020.muftyat.kz сайтын жақын күндері толығымен іске қосу жоспарланған. Ал "Зекет" қоры сайтты техникалық жағынан бақылап отырады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qurban2020.muftyat.kz сайтын іске қосуды тапсырды, деп хабарлады мүфтияттың ресми сайты. 

"Аталған сайт арқылы ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен, қазіргі пандемия жағдайында құрбандықты қашықтан шаласыз", - дейді басқарма мамандары. 

Qurban2020.muftyat.kz сайтын жақын күндері толығымен іске қосу жоспарланған. Ал "Зекет" қоры сайтты техникалық жағынан бақылап отырады. 

"Жаңа сайттың тағы бір артықшылығы мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түлік бағасымен қоса көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс бере аласыз. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт шілденің 31-іне түсіп тұр. Алайда Қазақстанда екі апталық карантин тағы екі аптаға ұзартылды. 

Бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайтынын айтқан. 

Наиб мүфти құрбандық малын қашықтан да шалуға болатынын және сол үшін тиісті жағдай жасалатынын да жеткізген.

Жаңалықтар
0