Қоғам

42 500 теңге: жұмыссыз азаматтарға не істеу керек?

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты в руках
Деньги, тенге монеты в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының тұрғындары 385-00-76 нөміріне хабарласып, 42 500 теңге әлеуметтік төлем бойынша сауалдарын қоя алады

АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы 42 500 теңге көлеміндегі төлемнің кімдерге берілетінін түсіндірді. Айтуынша, екінші деңгейлі банк пен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері бұл төлемге өтінім бере алмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шектік шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылған азаматтарға бір реттік әлеуметтік төлем төленеді. Бір реттік төлем шілде айына тағайындалады. Министрлік шешімімен азаматтар бірінші қыркүйекке дейін құжаттар тапсыра алады. Әлеуметтік төлем жеке кәсіпорындарда жұмыс істейтін, енгізілген шектеулерге байланысты жұмысы тоқтап қалған, жалақысы сақталмаған жұмыскерлерге тағайындалады", - деді Әлкебайұлы.

Айтуынша, екінші деңгейлі банк қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындар мен 100% мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жұмыскерлеріне әлеуметтік төлем төленбейді.

"Дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын азаматтарға, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтардың қызметі тоқтаған жағдайда төлем ала алады. Сонымен қатар біріңғай жиынтық төлем төлеушілері, яғни өзін қамтамасыз етіп жүрген азаматтар бұл төлемге мүдделі", - деді басқарма басшысы.

Жұмыс беруші, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын азаматтардың қызметі тоқтамаса, қызметкерлерін ақысыз демалысқа жібермеген жағдайда, ол азаматтар төлемге өтінім бере алмайды.

"Ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген азаматтар бұл төлемге мүдделі емес. Егер жұмысшы жұмысынан айырылған жағдайда, еңбек шартын тоқтатқан жағдайда жұмыспен қамту орталығына баруы керек. Бізде басқа төлемнің түрі бар, алты айға дейін соңғы орташа айлықтың 40%-ін ай сайын алып отырады. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелу қажет", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар бүгін түстен кейін 42 500 теңгеге өтініш бере алады

Төтенше жағдай кезінде әрбір жұмысшы өзі үшін өтінім жасаған болатын, ал енді жұмыс беруші әрбір жұмысшыға өзі өтініш береді. Жұмыс беруші барлық ақпаратты береді, содан кейін ғана төлем тағайындалады. Алматы қаласының тұрғындары 385-00-76 нөміріне хабарласып, 42 500 теңге әлеуметтік төлем бойынша сауалдарын қоя алады.

Жаңалықтар
0