07:47 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1366)
431 0 0

Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы алаңында сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан Ресейде өнеркәсіптік өндіріс іске қосылған кезде коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы елдердің бірі болып сатып алғысы келеді.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтқан сөзін РИА Новости жеткізді.

Алексей Цой коронавирустан қанша адам қайтыс болғанын айтты

Мамин Ресейге COVID-19 індетімен күресуде көрсеткен көмегі үшін, атап айтқанда, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын және ондаған дәрігер жібергені үшін алғыс айтты.

"Ең бастысы, біз Қазақстанның әртүрлі өңіріне барып, жұмыс істеп жатқан ресейлік дәрігерлердің көмегін алдық", - деді Қазақстан премьері.

Еліміз Ресейде әзірленген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу жұмыстарын бақылап отыр, деп атап өтті Мамин.

"Осыған байланысты, Михаил Владимирович, вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі басталған кезде, Қазақстан алғашқы елдердің қатарында вакцина партиясын сатып алу мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз. Бұл өте маңызды", - деді ол.

17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысты.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1366)

Тақырып бойынша

"Сонда не үшін керекпіз?!": павлодарлық медбике қазақстандықтарға үндеу жасады 
Денсаулық министрлігі ауыр жағдайда жатқан науқастар туралы ақпарат таратты 
Бұл италиялық сценарий емес – ресейлік дәрігер Қазақстандағы жағдай туралы   
Тоқаев: ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс
Қазақстандық дәрігер коронавирус індеті қашан тоқтайтынын айтты
Кілт сөздер:
екпе, Асқар Мамин, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып