03:19 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1538)
2573 0 0

Олжас Құдайбергенов коронавирусқа тест тапсырғандар ғана есепке алынғанын, ал науқастардың 85%-і симптомсыз ауырғанын атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов елде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы санын есептеп шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқи отырыңыз: Ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс – Тоқаев

Экономист Facebook парақшасындағы жазбасында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус статистикасына сенімді қайтару үшін алғашқы қадамды жасағанын атап өтті. Ол сондай-ақ індетке қатысты өз есебін жариялады.

"Қазір коронавирус жұқтырғандардың ресми статистикасы 67 мыңды көрсетіп отыр, ал пневмониямен ауыратындар саны – 234 мың (1 қаңтардан 15 шілдеге дейін), егер пневмонияның таза өсімін алсақ, онда ол шамамен 163 мыңға жуықтайды. Жалпы 67 + 163 = 230 мың адам коронавируспен ауырған. Бұл минимум", - деп жазды Құдайбергенов.

Оның айтуынша, егер өсімді емес, тұтас көрсеткішті алсақ, онда 230 мың емес, 301 мың адам (коронавирус 67 мың + пневмония 234 мың) коронавируспен ауырған және жазылған деуге болады.   

"Бұл жерде ПТР-тестілеуден өткен, ауруханаға өздері барған адамдарды айтып отырмыз. Әрине, үйінде емделген адамдар бар, бірақ оларға  қатысты қандай сан шығатыны әзірге белгісіз. Ауруханаға індеттің белгілері бар науқастар хабарласқанын, ал 85%-і симптомсыз ауырғанын ескерсек, 2 миллионға жуық қазақстандық жазылған немесе ауырып жатыр", - деп болжады Олжас Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмонияның статистикасы бірге есептелетінін мәлімдеді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1538)

Тақырып бойынша

Денсаулық министрі пневмониядан қайтыс болғандардың санын жариялады 
Жандарбек Бекшин науқастардың көбеюіне үш жағдай себеп болғанын айтты
Түркістан облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды
"Сонда не үшін керекпіз?!": павлодарлық медбике қазақстандықтарға үндеу жасады 
Қазақстандағы жағдай екі аптадан кейін жақсара бастайды – пульмонолог
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып