Қоғам

Жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды

© Sputnik / Абзал Калиев42 500 теңге жәрдемақы
42 500 теңге жәрдемақы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмыс берушілер ақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы қызметкерлер үшін өтінім береді, өтінім қабылдау бірінші қыркүйекке дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. 19 шілдеден жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды.

Олар жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шыққан жұмысшылары үшін өтінім береді.

"Қол астындағы қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер үшін (заңды және жеке тұлғалар) өтінім қабылдау 19 шілдеде сағат 10.00-де eGov.kz және 42500.enbek.kz порталдарында басталды", - делінген 42500.enbek.kz сайтында.

Бұл жолы әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарнасының төленгенін растау талап етілмейді.

Жұмысшылар басшылығының өтінім беріп-бермегенін тексере алады.

Тағы оқыңыз: Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты   

Кәсіпорынның карантинге байланысты қызметін тоқтатып-тоқтатпағанын өңірлік және қалалық штабтар тексереді.

Егер 42 500 теңге табысынан айырылмаған қызметкерге төленсе, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры компания басшылығын сотқа беруге құқылы.

Өтінім қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

16 шілдеде әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалатын қазақстандықтарға SMS хабарлама жіберілді.

17 шілдеден порталдар жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер мен жеке практикамен айналысатындардан (адвокаттар, нотариустер, медиаторлар) өтінім қабылдап жатыр.

Ал 18 шілдеде бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілерден eGov.kz,  42500.enbek.kz және Aitu платформасы, сондай-ақ 18 telegram-бот арқылы 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды.

Жаңалықтар
0