Қоғам

Министрлік шілде айының соңына дейін кімдердің шотына 5500 теңге түсетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, архивтегі сурет
Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азық-түлікке төленетін ақшаны бес әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады, төлем шілде айының соңына дейін жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Бір миллионнан астам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 2 АЕК (5556 теңге) мөлшерінде ақша аударылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек министрлігі шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақша төлеуді көздейтін бұйрық әзірлеп, қабылдады.

"Осы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін қазақстандықтардың банк картасына төлем жіберіледі", - делінген ведомствоның ресми сайтында.

Азық-түлікке төленетін ақшаны 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде тізім жасайды. Содан кейін шілде айына төлем алушыларға 2 АЕК (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 5556 теңге мөлшерінде қаражат жіберіледі.

5 әлеуметтік топ:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
  • мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;
  • жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл наурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлем 1 миллион адамға беріліп, жалпы сомасы 13,5 миллиард теңгені құрады.

Жаңалықтар
0