Қоғам

Алматыда жаңа шектеу шаралары енгізілді

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоСидения в зале ожидания аэропорта Алматы
Сидения в зале ожидания аэропорта Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндері ұлттық саябақ жабық болады. Сондай-ақ, тауда пикник жасап, от жағуға тыйым салынады

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Алматыда 2020 жылдың 21 шілдесінен бастап бастап қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында хабарланды.

Қаулыға сәйкес, қалааралық автобус тасымалдары тоқтады. Қала маңындағы автобустар мен қаладағы қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен 50%-і толып жұмыс істейді. Қала маңындағы және қаладағы қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен сенбі және жексенбі күндері толық жұмысын тоқтатады.

Сондай-ақ, барлық ұйымда жиналыс, кеңес, конференция, форум, семинар, көрме, тренинг, оқыту курстарын өткізуге тыйым салынған. Адам көп жиналатын басқа да іс-шараларды, отбасылық жиындарды ашық ауада да өткізуге болмайды.

Мұражай, театр, көрмелердің қызметі тоқтап, діни нысандар (мешіт, шіркеу, собор, синагогалар) қызметі тоқтайды.

Балаларды қосымша оқыту орындары мен балаларды сауықтыру лагерьлерінің, білім беру орталықтары, түзету кабинеттерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынды.

65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі.

Көліктің кез келген түрінде ұлттық саябақтардың, танымал туристік және таулар (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) аумағына шығуға тыйым салынды. Демалыс күндері ұлттық саябақ жабық болады. Жаяу серуендеушілерге жұмыс күндері тауда пикник жасауға, от жағуға тыйым салынған. Парк аумағында үш адамнан артық топ болып отыруға болмайды.

Ашық ауада жеке жаттығу жасауға рұқсат берілген, сондай-ақ, өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат.

Кәсіпкерлік нысандар қалай жұмыс істейді

Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жабық болады. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеті, дәріхана, жазғы терассасы мен жеке кіретін есігі бар стационарлық тамақтану нысандары жұмыс істейді.

Ойын-сауық орталықтары, караоке, кальян, бильярд, компьютер клубтары, букмекер кеңселері, түнгі клубтар, балалар ойын алаңдары, батуттар, кинотеатрлар жұмыс істемейді.

СПА-орталық, фитнес-орталық, спорт-сауықтыру орталықтары, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз орталықтары жабық болады.

Жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар қызметіне тыйым салынады.

Халыққа қызмет көрсету орталығы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. "Қазпошта" АҚ жұмыс күндері 8.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.

Автомобиль жуу, тұрмыстық техниканы жөндеу, химиялық тазалау сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес орталықтар, сақтандыру компаниялары, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттігі, айырбастау пункттері, ломбард сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда карантин туралы қаулы жаңартылды: не өзгерді?

Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық орындарда (сауда нысандары, көше, саябақ, әуежай), қоғамдық көлікте маска тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Адамдарды шақырып туған күн, мерейтой, той, еске алу өткізуге болмайды.

Жаңалықтар
0