Қоғам

Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаздың үшінші, соңғы айында азаматтар жиырма күн жұмыс істеп, он бір күн демалады. 30 тамыз Қазақстан Конституциясы күнін атап өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар биыл тамыз айында он бір күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әдеттегі сенбі-жексенбіден бөлек, азаматтар 31 тамыз күні де демалады.

30 тамыз – Конституция күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс 31 тамыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Сол себепті бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 29, 30, 31 тамыз, қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 30, 31 тамыз күндері демалыс саналады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Айта кетсек, 2020 жылы қазақстандықтар барлығы 120 күн демалады. Демалыс және мереке күндері туралы толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыздар.

Жаңалықтар
0