16:18 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
528910

Енді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне өтініш қалдыруға болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар 42 500 теңгеге өтінімді екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы бере алады.

Оқи отырыңыз: Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді 

"Kaspi.kz мобильді қосымшасында басты бетте өтінім жіберу мүмкіндігі пайда болды. Сервис қосымшаға кірген кезде бірден көрінеді. Homebank.kz арқылы өтінімді банктің сайтында беруге болады. Осы жерден және олардың мобильді қосымшасынан төлемге қатысты пайдалы ақпаратты да таба аласыз", - деп хабарлады eGovHelpRu Telegram арнасы.

Сондай-ақ, өтінімді мына арналар арқылы беруге болады:

  • Egov.kz порталы;
  • 42500.enbek.kz сайты;
  • Telegram боттар;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы.

Біржолғы төлем келесі санаттарға төленеді:

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
  • жеке кәсіпкерлерге;
  • жеке практикамен айналысатын адамдарға;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер.

Өтінімдер 17 шілдеден 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Егер бір реттік төлемді тағайындау туралы SMS-хабарлама алсаңыз, онда сізге өтініш жіберудің қажеті жоқ, хабарламаға жауап берсеңіз жеткілікті. 42 500 теңге алуға келіссеңіз, жауап ретінде "1" нөмірін жібересіз, бас тартсаңыз, "2" санын басасыз.

Тақырып бойынша

Жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды
"ЕСП" төлеп, 50 000 теңге ал": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді
Сарапшылар жәрдемақыны әр балаға төлеу жайлы: "42 500 емес, 73 000 болуы керек"  
Министрлік қанша адамға 42 500 теңге тағайындалғанын айтты
42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр
Шілдеге берілетін 42 500 теңге: әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады
Загрузка...

Басты тақырып