Қоғам

Министр коронавирус бойынша жағдай тұрақталып жатқанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЦентральный парк Нур-Султана в день столицы
Центральный парк Нур-Султана в день столицы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 проценттен 2,1 процентке азайған

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавируспен ауыру мен өлім-жітім тұрақталып келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы аптада COVID-19 жұқтыру мен өлім-жітім тұрақталуға бет алғаны байқалады. Ауру жұқтыру жағдайы тәулігіне 1 500-1 600 адам деңгейінде",– деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, осы айдың үш аптасы ішінде жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін ұлғайды. Төсек-орын қорының өсімі 19,3 мыңды құрады. Соның ішінде қосымша 5,3 мың инфекциялық төсек-орын ашылды.

Осының арқасында пациенттерге медициналық көмек көрсету қолжетімділігі артты.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирус инфекциясымен күресудің жаңа стратегиясы әзірленді

Министр жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде қол жеткізілген оң нәтижелерге тоқталды.

"Тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 проценттен 2,1 процентке азайды. COVID-19 індетінен емделгендер саны 60 процентке жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 процентке төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі 20, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 процентке төмендеді", – деді ол.

Жаңалықтар
0