16:08 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (593)
208 0 0

Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 22%-і кредитін төлеуге ақша таппай отырса, 19%-і салығын төлей алмай жатқанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бизнестің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, ұлттық палата пандемиядан қиыншылық көрген бизнесмендер арасында сауалнама жүргізген. Оған 29 мыңнан астам кәсіпкер қатысты.

"29 мыңнан астам кәсіпкердің қол астында 193 мың адам жұмыс істейді. Карантинге байланысты қазір олардың 14%-і, яғни 28 мың адамы қысқартылды. 34 мыңнан астамы, яғни 17,5%-і мәжбүрлі демалысқа жіберілді",– деді Мырзахметов үкімет отырысында.

Жұмысшылардың ең көбі Шымкент пен Алматы қалаларында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында қысқарған. Ал жалақысыз еңбек демалысына жіберілгендердің дені Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ, Түркістан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр.

Ол індеттен, негізінен, халыққа қызмет көрсету, сауда салаларында істейтін кәсіпкерлер қиындық көргенін атап өтті.

Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 19%-і сұраныстың төмендегенін алға тартса, 22%-і кредитін төлеуге ақша таппай отыр. Ал 19%-і салығын төлей алмай жатқанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Қазақстаннан көшіп кеткен кәсіпкер туған ауылына 30 мың доллардың дәрісін жіберді

"Сондықтан мәселе өте күрделі. Барлық өңірді осы мәселені шешуге шақырамыз. Негізгі міндет сұранысты арттыру және несиелеу",– деді ол.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (593)

Тақырып бойынша

"Жұрт дүрлігіп, жылады": ұшақта болған кәсіпкер апат кезінде не болғанын айтты
"Такси келмеді": Қостанайда кәсіпкер досының туған күнінен кейін қамауға алынды
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
Нұр-Сұлтанда екі кәсіпкер 118 миллион теңге ұрлап алған - видео
Танымал кәсіпкер коронавирусқа сенбейтіндерге жылап тұрып үндеу жолдады
Кілт сөздер:
жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, кәсіпкер
Загрузка...

Басты тақырып