Қоғам

Парацетамол мен ибупрофен тегін беріледі – министрлік түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевСотрудник аптеки работает с покупателями
Сотрудник аптеки работает с покупателями  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің сөзіне қарағанда, амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделетін науқастарға барлық препараттар емхана арқылы беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанда парацетамол мен ибупрофенді коронавирусты емдеудің клиникалық хаттамасына енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, коронавирус пен пневмонияны амбулаториялық деңгейде емдеу үшін хаттамаға антикоагулянттар да енгізіледі деген жоспар бар.  

"Қазіргі кезде амбулаториялық деңгейде парацетамол және ибупрофен сияқты дене қызуын басатын дәрілермен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұдан бөлек, ривароксабан, апиксабан мен дабигатран деген антикоагулянттар бар", - деді Ғиният Орталық коммуникациялық қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал министр Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделетін науқастарға барлық препараттар емхана арқылы беріледі. Бірақ дәрігер диагнозды нақтылауы тиіс. Ал дәрі-дәрмектің шығындары медициналық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

"Қазір халық осы препараттардың бәрін дәріханалардан іздейді. Бірақ оны қабылдағанда дәрігермен ақылдасып отыру қажет. Сондықтан дәл осы препараттарды үйде емделу стандартына енгізуді көздеп отырмыз. Сонда аурудың жеңіл түріне шалдыққандар дәрігермен ақылдасып, ем қабылдайды. Ал ауыр жағдайлар ауруханада емделеді", - деп атап көрсетті Цой.

Айта кетейік, 15 шілде күні бірлескен комиссия коронавирус инфекциясын емдеудің хаттамасының 10-шы редакциясына өзгеріс енгізді. Дәрігерлер "Лопинавир" мен "Гидроксихлорохин" сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдады. Себебі, шетелдік ғалымдар осы дәрі-дәрмекті коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрлігі коронавирусты емдемейтін дәрілерді алып тастады

Хаттамаға "Ремдесивир" мен "Фавипиравир" деген препараттар қосылды. Бұдан бөлек, амбулаториялық деңгейде дене қызуын басатын дәрігелер мен иньекцилық емес антикоагулянттар болады.

Жаңалықтар
0