Қоғам

Үкімет Көбейтұзға қатысты шешім шығарды

© Photo : скриншот с youtube-канала Аскара ЖанаповаСоленое бессточное розовое озеро Кобейтуз в Акмолинской области
Соленое бессточное розовое озеро Кобейтуз в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Мырзағалиев Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесі беріліп, күзет қойылатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұз көліне қатысты шешімді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл – сирек кездесетін көлдердің бірі. Сондықтан оған ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін беру керек деп санаймыз. Сонда ол жерде тиісті шектеу режимі болады. Осылайша, мемлекет Көбейтұзды өз қорғауына алады", - деді Мырзағалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда министр Көбейтұзға ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесі беріліп, күзет қойылғанша мұнда экологиялық мәдениет сақталатынына сенім білдірді.   

Оның айтуынша, бүгінде мобильді бекеттер мен шлагбауым қоюмен мәселе шешілмейді. Себебі шлагбаум болса, оны айналып өтуге тырысатын адам табылады. Сондықтан қазіргі проблеманы екі жолмен шешу керек. Бірінші – экологиялық білім беру, екіншісі – айыппұлды көбейту.

Көбейтұз жекеменшікке берілмейді

21 шілде күні Ақмола облысының табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы екі су нысаны – Көбейтұз бен Қоржынкөлді 49 жылға пайдалануға беру бойынша конкурс жариялаған болатын. Алайда келесі күні лот алынып тасталды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Көбейтұз көлінің тұзын сатып жатқандарды сынға алды

Ерейментау ауданының әкімдігі карантинге байланысты Көбейтұз, Теңіз, Құрбет мен Қоржынкөлдің жағасында демалуға тыйым салды.

Тоқаевтың тапсырмасы

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы мәдениетсіздігін сынға алып, халықтың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды екенін жеткізді.

Қазақстан президенті табиғатты ластағаны үшін айыппұл көлемін арттыруға тапсырма берді.

Жаңалықтар
0