18:46 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (594)
514 0 0

Қатаң карантин шарасына қарамай той өткізген ең көп оқиға Алматы мен Түркістан облысында анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Карантин кезінде тойға 100 адамға дейін жиналады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, адамдар карантинге қарамай, үйлену, ұзату, туған күн сияқты тойларды және ас беруді тоқтататын емес. Тіпті, СПА-салондарда мерекелік шараларды өткізу фактілері анықталды.

"Қарағанды қаласында "Чайка" қонақүй – мейрамхана кешенінде үйлену тойын өткізді. Ол жерде 30 адам жиналды. Сол сияқты Теміртауда "Жанар" деген мейрамханада 30 адам мерейтойды атап өту үшін бас қосқан.

Сәтпаевтың "Ханзада" мейрамханасында үйлену тойын жасады. Оған 50 адам келді", - деді Калайчиди.

Бұдан бөлек, Оралдағы "Аделия" тойханасында 100 адам үйлену тойына жиналған. Қазіргі кезде осы мейрамхананың жұмысын тоқтату мәселесі қаралып жатыр.

"Алматы қаласында "Райский сад" банкет залы мен "Достлук" дәмханасының жұмысы бір жарым айға тоқтатылды. Сондай-ақ, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды", - деп атап көрсетті Калайчиди.

Оқи отырыңыз: Алматыда той өткізгендер ел-жұртқа масқара болды – видео

Ресми мәліметке сәйкес, қатаң карантин басталғалы әр облыста тойларды заңсыз өткізу оқиғалары анықталды. Олардың басым бөлігі – Алматы және Түркістан облысында.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (594)

Тақырып бойынша

Енді той өткізгендер де, тойға барғандар да айыппұл төлейді
Алматыда 30 адамдық банкет, 100 адамдық той өткізгендер жазаға тартылды
Қалыңдық Оралда, күйеу жігіт Кореяда: Қазақстанда ерекше той өтті 
Карантинге қарамастан тыйылмай тұр: президент той-томалақ туралы айтты
Сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт жұртқа масқара болды
Кілт сөздер:
карантин, тойхана, той
Загрузка...

Басты тақырып