19:07 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (594)
3729 0 0

Бұған дейін Ақмола облыстық туризм басқармасы 3 тамызға дейін Бурабай мен Зеренді жабылатынын хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласынан шығаберіс жолдарға бекеттер қойылды, деп хабарлады полиция департаменті.

"Полиция қызметкерлері қаладан шығатын азаматтарға демалыс орындарында шектеу енгізілгені жайында түсіндіріп, бетперде режимін және арақашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертіп отырады", - дейді тәртіп сақшылары.

Коронавирусқа шалдыққан науқас санының артуына және карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты туристік аумақтарды жабуға шешім қабылданғаны белгілі.

"Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары осы жағдайға түсіністікпен қарау қажет. Шомылу маусымы өтіп жатқан демалыс аумағына және адамдар жаппай жиналатын орындарға бармау қажет", – деп атап көрсетті жергілікті полиция қызметінің бастығы Госман Жакин.

Айта кетейік, өткен екі тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 50 тәртіп бұзушылық анықталды. Соның ішінде бетперде тақпау, арақашықтықты сақтамау және тыйым салынған уақытта кәсіпкерлік қызметті жүргізу сияқты фактілер бар. Барлық материалдар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Қазіргі уақытта бақылау жүргізетін 16 мобильді топ бар. Полиция қызметкерлері көңіл көтеру мекемелері, аттракциондар, қоғамдық тамақтану орындары, сауна мен моншаларды аралап, олардың иелеріне карантиндік шаралар туралы ескертеді, сондай-ақ заңбұзушылық фактілерді анықтайды.

Бурабай мен Зеренді жабылды

Бұған дейін Ақмола облыстық туризм басқармасы 24 шілдеден бастап 3 тамызға дейін Бурабай мен Зеренді жабылатынын хабарлады. Оған карантин шараларының күшейтілуі мен демалушылардың азаматтық жауапкершілігінің төмен болуы себеп.

Осыған байланысты куруорттық аймақтарға кіреберісте блок бекеттер орнатылады. Сондай-ақ, көлік қозғалысы шектеледі. Бұған дейін келген туристер қонақ үйлер мен шипажай, курорттық нысандарда қалады. Демалыстағы адамдар бетперде тағып, қашықтықты сақтауы тиіс екені айтылған.

Қонақ үйлер бөлмелерді брондауға тапсырыс алмайды. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде қызметін жалғастырады.

Жалға берілетін жағажайлар, сауна, қонақ үй бассейні жабылады. Жағалаудағы сауда орындары мен қайық стансаларының жұмысы тоқтатылады.

Алакөл де жабық

Ал кешеден бері Алакөл карантинге жабылды. Осы уақытқа дейін келген демалушыларға жолдама мерзімі біткенше демалыс орындарында тұруға рұқсат етіледі.

Ауданда коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты шектеу шараларының режимі мен талаптары өзгертілуі мүмкін.

Үржар ауданының әкімі мен учаскелік полиция бөліміне Алакөлдің туристік-рекреациялық аймағына кіре берісті жауып, көлге баратын жолдарда жылжымалы посттардың жұмысын қамтамасыз ету жүктелді.

Оқи отырыңыз: Бас санитар Қазақстанда қандай жағдайда карантин күшейтілетінін айтты

Ақмола облысындағы Көбейтұз да жабық. Оған ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін беруге шешім қабылданды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (594)

Тақырып бойынша

Министр карантин кезінде кімдер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты
Нұр-Сұлтанда карантин туралы қаулы жаңартылды: не өзгерді?
Қазақстанда тағы бір облыста карантин күшейтілді 
Блок бекет арқылы кіріп-шығуға рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейтілді
Қостанай қайта жабыла ма: интернетте блок бекет орнатып жатқан видео пайда болды
Кілт сөздер:
карантин, бекет
Загрузка...

Басты тақырып