16:40 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
963 0 0

Елде карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болатыны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт намазына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алла қаласа, биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда елімізде карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды", - деді Тағанұлы.

Осы орайда бас мүфти сындарлы сәтте сағымызды сындырып алмай, айналадағы адамдарды үрейге емес, үмітке шақыруға үндеді.  

"Біз - өткенге салауат айтып, Алланың арайлап атқан әрбір таңынан жақсылық күткен халықпыз. Рухымызды түсірмей, сын сағатта сағымызды сындырып алмайық. Қадірлі жамағат, біз қазір сындарлы сәтте отырмыз. Қадірлі жамағат, біз қазір сындарлы сәтте отырмыз. Мұндайда халық даналығы "Бетеге кетсе, бел қалар. Бектер кетсе, ел қалар. Берекең кетсе, не қалар?" демей ме?", - деп атап көрсетті Тағанұлы.

Тақырып бойынша

Тоқаев Құрбан айт қарсаңында болған жағдайға қатысты көңіл айтты
2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
"Өзімді бақытты сезінемін": Құрбан айт намазына келген шетелдіктер өз әсерімен бөлісті
Құрбан айт - мал сою мерекесі емес
Карантин ұзартылса, Құрбан айт қалай өтеді?
Кілт сөздер:
намаз, мәлімдеме, Бас мүфти, құрбан айт
Загрузка...

Басты тақырып