Қоғам

Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде шырқалды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевГод Абая
Год Абая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Музыкалық композиция дәстүрлі жапон аранжировкасымен өңделіп, "кото" ұлттық шертпелі аспабымен дыбысталған

АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Жапон әншісі Ранка қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы" әнін жапон тілінде орындады. Сол арқылы қазақстандықтарды ақынның 175 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл жайында Қазақстанның сыртқы істер министрілігі хабарлады.

Әннің сөзін жапон тіліне Wako университетінің профессоры Хироки Сакаи аударды. Ол бұған дейін қазақ халқының фольклорлық-мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітап жазған. Сонымен қатар Абайдың "Қара сөздерін" жапон тіліне аударған. 

Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы "кото" ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен "Zerosta" продюсерлік компаниясы жасады.

Әнді орындаған композитор әрі жапон халық және заманауи музыканың орындаушысы Ранка әлемнің барлық еліне тараған коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі.

Оқи отырыңыз: Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстанда жазба әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтіледі.

Жаңалықтар
0