18:41 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (594)
4532 0 0

Бүгінге дейін 2,1 миллионға жуық азаматтан өтініш келіп түскен болса, 1,6 миллион адам төлем алған

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 1 676 000 қазақстандық 42 500 теңге біржолғы әлеуметтік төлем алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"Шілде айында шектеу шаралары енгізілуіне байланысты табысыннан айырылған азаматтардан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлемді тағайындау үшін 2,1 миллионға жуық өтініш түсті. Төлем мөлшері ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңгеге тең", – делінген хабарламада.

Қазірге кезде 1,7 миллион адамға төлем тағайындалды. Ал ақша бір миллион 676 мың қазақстандыққа аударылды.

Азаматтардан өтініштер мынадай санаттар бойынша тіркелді:

  •  бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерден (проактивті форматта) 804,4 мың;
  •  жұмыс берушілердің қызметкерлерге берген өтініші бойынша 150,2 мың;
  •  азаматтардың басқа санаттарынан (жеке кәсіпкерлер; жеке кәсіппен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша табыс алатын адамдар) 1 миллион 144 мың өтініш түсті.

42 500 теңге төлемі үшінші рет тағайындалды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылдың шілдесінде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтар кірісі толықтай жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерінде – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады. Өтінімдер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Оқи отырыңыз: Кімдер 42 500 теңгеге өтінімді 19 шілдеден бастап береді?

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (594)

Тақырып бойынша

Шілдеге берілетін 42 500 теңге: әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады
Жұмыс берушілерден 42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды
Министрлік қанша адамға 42 500 теңге тағайындалғанын айтты
Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді
42 500 теңгені бір миллион адам алды  
Кілт сөздер:
көмек, әлеуметтік төлем
Загрузка...

Басты тақырып