Қоғам

Алматы облысында қыз алып қашқан бес жігіттің басы бәлеге қалды

© AFP 2024 / JOSEPH EIDДевушка идет по дороге
Девушка идет по дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іздеу жарияланған көлік Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылып, бойжеткен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Алматы облысының полицейлері қыз алып қашқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желідегі "Не молчи KZ" парақшасында жарияланған аудио жазба авторы жол бойында қыз алып қашу оқиғасының куәгері болғанын баяндайды.

Оның айтуынша, күміскүлгін түсті Audi көлігіне бірнеше ер адам қызды күштеп мінгізіп, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Бұл туралы куәгерлер полицияға хабарлап, шетелдік көлікті іздеуге атсалысқан. Кейін құқық қорғау органдарының өкілдері күдіктілерді ұстағаны белгілі болды.

Іздеу жарияланған көлік Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылды. Бес ер адам полицияға жеткізілген. Олардың бірі қызға үйлену үшін алып қашқанын айтқан.

Оқи отырыңыз: БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты

Қазіргі кезде жәбірленуші босатылды. 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны полицияға арыз жазған.

Күдіктілерден жауап алу және факт бойынша материал жинау жалғасуда.

Жаңалықтар
0