Қоғам

Назарбаев Сағадиевтің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев Кенжеғали Сағадиевтің ұзақ жылғы жауапты қызметі мен Отанымызды өркендетіп, тәуелсіздігімізді тұғырлы етудегі ерен еңбегін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.

"Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, академик, экономист, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 83 жасында көз жұмды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоғамдық қорының PR және маркетинг департаменті директоры Майраш Тайкенова хабарлады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты

Жаңалықтар
0