Қоғам

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Мамин

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министрдің айтуынша, ағымдағы жағдай мен осы айдың қорытындысы ескеріліп, арнайы жоспар мен тиісті шешім қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин күшейтілген карантиннің арқасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды", – деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді.

Бір айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем шақыру саны 38 процентке азайды.

Премьер барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

"Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігі карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарын ұсынды.

"Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады", – деді Мамин.

Жаңалықтар
0