Қоғам

Алматыда бірнеше госпиталь ашылады

© Photo : Пресс-служба акимата АлматыЗавершено строительство инфекционного госпиталя в Алматы
Завершено строительство инфекционного госпиталя в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сағынтаев 1 қазанға дейін екі қонақ үй базасында жеке инвестиция есебінен 215 төсек-орындық "ковидтік" емханалар құрылатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Алматыда тамыздың соңына дейін 500 орындық жаңа госпиталь пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қала билігі пандемияның екінші толқынына дайындық аясында жағдайы ауыр науқастар үшін бірінші эшелон стационарларында инфекциялық төсек-орын санын 1 015-ке көбейтуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, бірнеше госпиталь іске қосылады.

"Тамыз айының соңына дейін 500 орынға арналған жаңа госпиталь пайдалануға беріледі. Ал қыркүйектің ортасына дейін 300 төсек-орындық тез салынатын тағы бір модульдік инфекциялық госпитальды іске қосамыз", деді Сағынтаев үкімет отырысында.

Ол 1 қазанға дейін екі қонақ үйдің базасында жеке инвестиция есебінен 215 төсек-орындық "ковидтік" емханалар құрылатынын атап өтті. Тамыздың соңына дейін патологоанатомиялық бюро іске қосылады.

Айтуынша, қазір коронавируспен күреске 27 медицина ұйымы тартылған. Жалпы төсек қоры 6 096 орынды құрайды. Төсек-орындар 50%-ке дейін босады.

Оқи отырыңыз: Хаттамаға түзету енгізілді: Коронавирусты емдеу шарасы тиімсіз болып шықты

Әкімнің мәліметінше, індет басталғалы Алматыда 10 965 адам вирус жұқтырған. 6 649 науқас сауығып шықты, 73 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0