Әлем

Ресейлік тележүргізуші Малышева қазақстандық дәрігерлердің жұмысы туралы айтты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуЕлена Малышева
Елена Малышева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медицина ғылымының докторы коронавирустың балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіпсіз инфекция екенін айтады

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева Қазақстандағы дәрігерлердің жұмысы мен COVID-19-ға қарсы күрес туралы пікірін білдірді.

Ол Atameken Business телеарнасына сұхбат берді.

"Қазақстаннан оралған біздің мәскеулік әріптестерім сіздердің дәрігерлеріңіз жайлы зор құрметпен айтып жатыр. Нағыз қаһарман, өз ісіне берілген мамандар. Қазақстандық дәрігерлер жарады", – деді Елена Малышева.

Айтуынша, посткеңестік елдерде ауруханалар әдетте жөнделмеген ескі ғимараттарда орналасқан. Енді медицина үшін бәрін жасайтын сәт келді.

Дәрігер тек емдеуі тиіс, ал ауруханадағы төсек-орын, дәрі-дәрмек, антикоагулянттардың жетіспеуі – бұл дәрігерлердің жауапкершілігіндегі дүниелер емес, оларға дәрігерлердің үстінен қарап отырғандар жауап береді.

"Біздің тарап көмектесіп жатыр, Қазақстанға және ол жердегі дәрігерлерге аса зор құрметпен қараймыз", – деп толықтырды Малышева.

Сондай-ақ, ол қазір дүрбелеңге салынатын кезең емес екенін айтып өтті.

"Коронавирусты жарты жылдан бері білеміз. Инфекция тараған алғашқы айда вирустың жаңа түрі ретінде дүрбелең пайда болса, қазір бұл инфекцияның күшті емес екенін толығымен түсініп отырмыз. Бұл инфекцияның жұғу күші төмен. Мысалы коронавирусты қызылшамен салыстырсақ, қызылша бар науқас оны 16 адамға жұқтырады. Ал COVID-19 бар науқастан инфекция 1-2 адамға жұғады", – деп атап өтті Малышева.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық дәрігерлер Мәскеуде коронавируспен күрестің негізгі пункттерінде болды

Дәрігер сұхбат барысында коронавирустың балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіпсіз инфекция екенін айтты.

COVID-19-ды жұқтырып алмау үшін қолды жуып және адамдар көп жиналатын орындарда медициналық маска немесе респиратор тағу керек.

Жаңалықтар
0