07:43 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (590)
1493410

Жолаушы бақылаушы мен жүргізушінің қоғамдық орындарда маска тағып жүру қажет деген талабын орындаудан бас тартқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің біріне бетпердесіз мінген бойжеткен кондуктордың "маска тағыңыз" деген талабына дөрекі түрде жауап қайырған.

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. 

Қазіргі кезде Қазақстанда карантин жариялануына байланысты, елдің әрбір азаматы тиісті талаптарды сақтауы тиіс. Оның бірі – қоғамдық орындарда маска тағып жүру екені белгілі.

"Ал мына жағдайда автобусқа маскасыз кірген бойжеткен жүргізуші мен бақылаушының талабын орындағысы келмеді. Нәтижесінде, оның телефонын сындырды", – делінген хабарламада.

Видеода бақылаушы бетперде тақпаған қыздан автобустан түсіп қалуды сұрайды. Мені видеоға түсіруге құқың жоқ деген бойжеткен оның қолындағы телефонды қолмен соғып, құлатады. Жолаушы келесі аялдамадан түсіп қалған.

Оқи отырыңыз: "20 миллион теңге төледі": жүздеген адам бетперде тақпағаны үшін жауапқа тартылды

Видеоға қатысты пікір білдірушілердің көпшілігі осындай жолаушылардың кесірінен карантин режимі күшейіп жатқанын айтып, бойжеткеннің әрекетін ашық айыптайды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (590)

Тақырып бойынша

ДДҰ бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті
Астаналық студенттерге ресейліктер 5 мың бетперде жіберді
Денсаулық сақтау министрлігі қай жерде бетперде тағып жүру керек екенін айтты
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
"Мен сондай шешім қабылдадым": Алматы әкімі бетперде тағуға қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
бетперде, жолаушы
Загрузка...

Басты тақырып