08:45 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1366)
3062 0 0

Әкімдердің айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге ахуалды қатаң бақылауда ұстап, карантин шараларын сақтаудың маңыздылығы мен халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуді тапсырды.

"Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Әкімдердің айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған.

"Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды", - деді Уәли.

Тағы оқыңыз: Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1366)

Тақырып бойынша

Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
Абаев Тоқаев қандай мәселені мұқият зерттеп жатқанын айтып берді
"Тоқтамай тұр": Тоқаев маңызды мәселе туралы айтты
Тоқаев жаңа жолдау не туралы болатынын айтты
Тоқаев Сағадиев туралы: артында өшпес із қалдырды
Кілт сөздер:
коронавирус, әкім, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып