Қоғам

Жағажайда демалатындарға қатысты қатаң талап енгізіледі

© Sputnik / Ольга ТонконогЗнаменитый плавучий пирс на одном из городских пляжей
Знаменитый плавучий пирс на одном из городских пляжей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде адамдарды жағажайларға кіргізуге қатысты талаптар әзірленіп жатыр. Жағажайдың жалпы ауданына қарай демалушылардың нақты саны есептеледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Карантин жағдайында жағажайда демалу тәртібі болады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі кезде отельдерді толтыруға қатысты талаптар бар. Қонақүйлерде демалушылардың саны барлық орынның 50 процентінен аспауы шарт. Отельдердің аймағындағы бассейндерге де нақты талаптар қойылып отыр. Бассейнде 30 адамнан артық кіргізуге болмайды. Ал бір адамға екі шаршы метр келуі керек", - деді Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде адамдарды жағажайларға кіргізуге қатысты талаптар әзірленіп жатыр.

"Атап айтқанда, көлдің жағасында бір адамға 4 шаршы метрден келуі керек. Жағажайдың жалпы ауданына қарай демалушылардың нақты саны есептеледі. Мұның барлығын әзірлеп жатырмыз", - деп атап көрсетті Рыспеков.

Бұған дейін Рыспеков Аалкөлге баратындар нені ескеру керек екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, Алакөлдің шығыс жағынан келетін демалушыларда коронавирусқа тапсырылған тест сынамасының анықтамасы болуы қажет.

Жаңалықтар
0