Қоғам

"Сыйлық аласыз": Тоқаевтың атынан жарияланған ұтыс туралы айтылды

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги
Деньги  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде бұл жазбаға 1000 пікір жазылып, 100 адам бөліскен. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аккаунтқа мән-жайды түсіндірді

АЛМАТЫ, 28 шілде– Sputnik. Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунт пайда болды. Белгісіз адамдар мемлекет басшысының атынан "коронавирус пандемиясы кезінде халықты қолдау үшін" ақша ұтысын өткізіп жатыр, деп хабарлады Stopfake.kz порталы.

Ұтыс ойынына қатысу үшін пайдаланушыға есімінің бірінші әрпін жіберіп, репост жасау ұсынылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аккаунтты алаяқтар құрғанын және президенттің Facebook әлеуметтік желісінде парақшасы жоқ екенін хабарлады.

"Бұл парақшаның Қазақстан президентіне ешқандай қатысы жоқ және алаяқтық болып табылады. Мемлекет басшысы екі әлеуметтік желіде – Twitter және Instagram-да тіркелген. Сақ болыңыздар және алаяқтардың арандатуына бой алдырмаңыз", - деді ведомствода.

Порталдың ақпаратына сәйкес, бұл парақша 2017 жылы ашылған. Ол жерде бұған дейін белгісіз бір қыздың суретңі тұрған. 2020 жылдың 13 шілдесінде аккаунт "Kasym-JmartTokyevI" деп өзгертіліп, бірнеше минуттан кейін ақша төлеу туралы хабарламаны жариялаған.

"Үйден өтінім жіберіп, 10 минут ішінде сыйлық аламыз, біз оны адамдарға көмектесу үшін жариялаймыз. Өйткені CORONA вирусының өршуі көптеген адамдардың жұмысына кедергі келтірді. Сіздің атыңыздың бірінші әрпін таңдаңыз, сонда сіздің таңдауыңыз бойынша сыйлық аласыз", - делінген алаяқтардың хабарламасында.

Әлеуметтік желіде бұл жазбаға 1000 пікір жазылып, 100 рет репост жасалған.

"Бұл интернетте көп тараған алаяқтықтың бірі. Пайдаланушы ақшалай ұтысты жеңіп алғаны туралы хабарлама алады. Содан кейін оған сыйақыны жіберу үшін карта мәліметтерін жіберуді ұсынады. Бірнеше минуттан кейін алаяқ картадағы ақшаны жымқырады", - деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екінші деңгейлі банктер арқылы бірыңғай жиынтық төлем жасап, 50 мың теңге жәрдемақы алуға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ, "зейнетке шығу жасы төмендейді" деген ақпараттың да шындыққа жанаспайтыны айтылды.

Жаңалықтар
0