Қоғам

Жұмысты жандандыру коронавирусқа дейінгі кезге қайта оралуды білдірмейді – елорда әкімдігі

© Photo : Пресс-служба акимата Туркестанской области В Туркестанской области для граждан в очереди перед отделениями АО​"Халық банк" и​ "Қазпочта" определены специальные места
В Туркестанской области для граждан в очереди перед отделениями АО​Халық банк и​ Қазпочта определены специальные места - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан әкімдігі карантин жеңілдетілгенімен, оның талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік жоғары болатынын ескертеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының онлайн отырысы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі отырыста карантинді жеңілдетуге дайындық мәселелері талқыланды. Әкім орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, сауда орталықтары, сауда үйлері мен бизнес орталықтары ашылғаннан кейін инфекцияның таралуына жол бермеу керек. Осы орайда ол карантин кезінде қызметті жүргізуге рұқсат алу тәртібін әзірлеуді және кәсіпкерлерге кеңес беру шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аурудың таралуын төмендету, халық арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, карантин және алдын алу шараларын сақтау – біздің басты міндетіміз. Шектеулер біртіндеп алынады деп күтілуде. Алайда, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын жандандыру коронавирусқа дейінгі өмір салтына қайта оралуды білдірмейді", – деді комиссия төрағасы.

Оның айтуынша, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық пен гигиеналық талаптарды сақтау қала береді. Ал жұрт көп жиналатын банктер мен қызмет көрсету орталықтары сияқты мекемелер әлеуметтік қашықтық белгілерін сызып қоюы керек. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысандар ашылғанда өртке қарсы жұмысты күшейтуге тапсырма берілді.

"Осы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік жоғары болуы керек. Сондықтан, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аудан әкімдіктерімен бірге барлық кәсіпкерлік субъектілердің басшыларына мақсатты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет", – деп атап көрсетті Мәкен.

Оқи отырыңыз: Министр Қазақстанда карантин қашан жеңілдейтінін айтты

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына демалыс күндері қоғамдық орындарда ауқымды дезинфекция жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді. Ал полиция департаменті бетперде тағу мен әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша рейдтерді жалғастырады.

Жаңалықтар
0