Қоғам

Ақмырза Рүстембеков қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневБайтерек, вид сверху
Байтерек, вид сверху - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының мүшесі, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматыда сәрсенбі, 29 шілде күні Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы, "Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды.

Суыт хабарды "Алматыгенплан" ғылыми-зерттеу институты хабарлады. Институт құрметті сәулетшінің жақындарына көңіл айтты.

Рүстембеков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының мүшесі, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі.

Рустембеков "Астана-Байтерек" монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын.

"Астана-Байтерек" нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың үздік құрылыс нысаны аталымында гран-при мен Алтын медаль берді.

Сәулетші 1956 жылы Ақмола облысында (Қоржалжын) дүниеге келген.

Тағы оқыңыз: Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынған қазақстандық ғалым қайтыс болды

Жаңалықтар
0