21:28 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1364)
215 0 0

Қоғамдық орында адамның жасына қарамастан, оның ішінде балалар да міндетті түрде бетперде тағуы керек

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой барлық жерде барлық адамға медициналық маска тағу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қоғамдық орында міндетті түрде бетперде тағу туралы бұйрық шықты. Адамның немен айналысатынына қарамастан барлық жастағы адам бетперде тағуы қажет. Дәмханалардың жаздық алаңына арналған арнайы ереже бар, арақашықтық шамамен екі метр болуы керек", - деді Цой.

Айтуынша, адамның жасына қарамастан, оның ішінде балалар да бетперде тағуы керек.

Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты 

Ал үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов талаптың қоғамдық орындарға қатысты екеніне назар аударды.

"Егер көшеде жүгіргіңіз келсе, бетперде тақпай жүгіруге және спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін арнайы орындар бар. Алайда саябақ пен көшеде бетперде тағу маңызды болып отыр, оған үйренетін уақыт келді. Тәулігіне 1 472 адамнан инфекция анықталды. Бұл аз адам емес. Айналамыздағы елдің бәрі сақтанып жатыр. Енді мейрамханалар мен кез келген нысанның басшысы осы режимнің сақталуына жеке жауап береді және барлық үстелді дұрыс қоюы керек. Біз жоғалтқан адамдарды ойлауымыз қажет", - деді Тоғжанов.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов төрт жарым мыңға жуық заңбұзушылық тіркелгенін айтып өтті.

"Аз адамнан айырылдық па? Қонаққа да, жаназа шықса да барамыз, туған күнге барамыз. Төрт жарым мыңға жуық заңбұзушылық тіркелді. Әрқайсының артында адам өмірі тұр", - деді вице-премьер.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1364)
Кілт сөздер:
министр, бетперде
Загрузка...

Басты тақырып