Қоғам

Қазақстанда Ресей университеттерінің жаңа филиалдары ашылуы мүмкін

Жазылу
Бұл жергілікті студенттерге өз елінде қалуға мүмкіндік беріп, кадрлардың Қазақстаннан кету ықтималдығын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылуы мүмкін, деп мәлімдеді Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілі Константин Воробьев.

Спикер онлайн форматта өткен Ресейлік жоғары оқу орындары түлектерінің Х форумында сөз сөйледі. Ол нақты қандай ресейлік университеттер Қазақстанда филиалын ашуы мүмкін екенін нақтыламады.  

© Photo : РЦНКРоссотрудничествоның Қазақстандағы өкілі Константин Воробьев
Қазақстанда Ресей университеттерінің жаңа филиалдары ашылуы мүмкін - Sputnik Қазақстан
Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілі Константин Воробьев

"Біз қазіргі талапкерлердің Қазақстанға оралып, ЕАЭО аясында жүзеге асырылатын экономикалық жобалар мен бағдарламаларға атсалысуына мүдделіміз. Осында Ресей жоғары оқу орындарының едәуір ірі филиалдарының желісін құру идеясы бар. Біз Сіздің көмегіңізсіз бұл мәселені шешу мүмкін емес деген ойдамыз", - деп Константин Воробьев Қазақстандағы Ресей жоғары оқу орындары түлектері қауымдастығының басшылығына қолқа салды.

Ол ассоциация "идеологиялық және кадрлық көмек" бере алатынын атап өтті.

"Ресейге кеткен қазақстандық студенттердің бәрі бірдей қайта оралмайды, бұл осы проблеманы жеңілдетеді. Стратегиялық серіктестік біріктіретін Ресей мен Қазақстан сияқты елдер үшін бұл әрдайым дұрыс бола бермейді. Біз осы тақырыпты қазақстандық серіктестерімізбен көзбе-көз отырып ашық талқылауға тырысамыз", - деді Константин Воробьев.

Ол пандемия жағдайында ұйымның стратегиясы мен тактикасын айтарлықтай өзгерту керек екенін атап өтті, бұл ретте Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі қолдау көрсетуге дайын.

Жаңалықтар
0