18:53 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7614 0 0

Мемлекет басшысы Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейтінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше", - деді президент өз құттықтауында.

Тоқаев тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейтінін атап өтті. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Президент жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет екенін баса айтты.

Тағы оқыңыз: Карантин кезіндегі Құрбан айт: ұлық мерекеде қандай шектеулер енгізілді?

"Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді", - деді мемлекет басшысы.

Ол рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенетінін білдіріп, әр шаңыраққа құт-береке тіледі.

31 шілде, қасиетті жұмада барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Мереке үш күнге жалғасады.

Карантинге байланысты Қазақстан тарихында алғаш рет мешіттерде айт намазы оқылған жоқ.

Тақырып бойынша

Карантин тағы ұзартылды: Тоқаев кеңес өткізді
Құрбан айт намазы оқылмайды – бас мүфти мәлімдеме жасады
Тоқаев әкімдерге тапсырма берді
Құрбан айт мейрамы: онлайн құрбандық шалғысы келетіндер тым аз болып шықты
Кілт сөздер:
құрбан айт, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып