10:47 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1028122

31 шілде, қасиетті жұмада барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Мереке үш күнге жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

"Құрметті отандастар, баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Мейірімділіктің, жақсылық пен жасампаздықтың символы болып саналатын бұл жарқын мейрам біздің жүрегімізге жақындарымызға деген сүйіспеншілік ұялатып, игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді", - деді Назарбаев.

Елбасы елімізде Құрбан айт түрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізгенін айтқан.

"Осы күні біз Жаратқанға жалбарынып, өзімізге бейбіт өмір мен тыныштық, қайрат-қуат пен рухани күш-жігер сұраймыз. Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі. Осы қастерлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Айт қабыл болсын!", - деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Құрбан айт мейрамымен құттықтаған болатын. Ол қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды екенін айтты.

31 шілде, қасиетті жұмада барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Мереке үш күнге жалғасады.

Карантинге байланысты Қазақстан тарихында алғаш рет мешіттерде айт намазы оқылған жоқ.

Тақырып бойынша

Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Карантин кезіндегі Құрбан айт: ұлық мерекеде қандай шектеулер енгізілді?
Әкімдік желіде тарап кеткен ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты
"Мән-мағынасы осында": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Кілт сөздер:
құрбан айт, Назарбаев, Елбасы
Загрузка...

Басты тақырып