11:05 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
150 0 0

Президенттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстан халқын Құрбай айт мейрамымен құттықтап, бақ-береке тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің президенттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел арасындағы достық пен бауырластықты, сауда-экономикалық, әлеуметтік, рухани-ағартушылық бағыттағы қатынастарды, сондай-ақ, халықтарымыздың ортақ сын-қатерлерге қарсы күрестегі ынтымақтастығын жан-жақты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков екі ел халқының мүддесі үшін Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік, достық, одақтастық және тату көршілік байланыстар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірлесе отырып, Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған өзара ықпалдастықты жан-жақты ілгерілетуге ниетті екенін жеткізген.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бақыт және оның қолға алған барлық бастамалары мен игі істеріне табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған өзінің құттықтау хатында "Жеке өзімнің және халқымның атынан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазір бастан кешіріп жатқан қиын-қыстау кезеңде бізді біріктіретін осы қасиетті мерекеде Сізге зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке тілеймін", – деп жазған.

Мемлекет басшысын Құрбан айт мерекесіне орай құттықтап, жылы лебіз білдірген құттықтау жеделхаттарын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Хасан Рухани, Египет президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси, Иордания королі II Абдалла, Бахрейн королі Шейх Хамад бен Иса Әл-Халифа, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Марокко королі VI Мұхаммед, Алжир президенті Абдельмаджид Теббун, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Палестина басшысы Махмуд Аббас пен Филиппин көшбасшысы Родриго Дутерте, сондай-ақ, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмад Әл-Осеймин, ИСЕСКО-ның бас директоры Салим М.Әл-Малик, Кавказ Мұсылмандары басқармасының төрағасы, ТМД Дінаралық кеңесінің тең төрағасы, шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паша-заде жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, құрбан айт
Загрузка...

Басты тақырып