11:33 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1390)
288 0 0

Кәсіпорын сынақ режимінде бір рет қолданылатын екі миллионға жуық медициналық маска шығарып үлгерді   

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда айына 5 миллион маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"10 маусымда бізге құрал-жабдықтар келе бастады. Содан кейін оны әзірлеп, жұмысқа қызметкерлер қабылдауға кірістік. Ал 20 шілдеден бастап сынақ режимінде жұмысқа кірісіп, қызметкерлерді де қатар оқыту басталды. Кәсіпорын жолағы сынақ режимінде екі миллионға жуық маска шығарды. Толық өндірістік қуаты - айына бес миллион маскаға дейін", - деді "Болашақ 2019" ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов.

Медициналық маскалардың ерекшелігі - сүзгі қабатына жоғары қорғаныс қасиеті бар және су өткізбейтін материал қолданылады. Қазіргі уақытта кәсіпорында үш маусымда жұмыс істейді.

"Біз біргеміз" акциясы аясында кәсіпорын №12 қалалық емханаға 5 мың маска жеткізіп берді. Маскалардың жоспарланған бағасы – 55 теңге (көтерме сауда), 60 теңге (бөлшек сауда).

Бетперде сатып алғысы келетіндер "Болашақ 2019" ЖШС (ТМ Bolashak fharma) мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Нұр-Сұлтан қаласы, Байырқұм көшесі, 15. Телефон нөмірі: 8-701-111-58-64, 8-776-311-58-64, 8-775-672-26-36.

Әкімдік шілде айының ортасынан бастап қалаға пневмония, Covid-19 және басқа да ауруларды емдеу үшін 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1390)

Тақырып бойынша

Далада да маска тағу міндетті - жаңа қаулы шықты
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Алматылық бойжеткеннің біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр - видео
Жүгірген кезде маска тағу керек пе – министр жауабы
Нұр-Сұлтан ауруханасында түсірілген видео жарияланды  
Кілт сөздер:
коронавирус, өндіріс
Загрузка...

Басты тақырып