11:02 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
775010

Бас санитар дәрігердің қаулысымен 30 шілдеден бастап қазақстандықтар далада маска тағуға міндеттелген еді, оның ішінде балалар да бар

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой барлық қазақстандықты маска тағуға міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бес жасқа дейінгі балалар мен далада спортпен айналысатындарға бетпердесіз жүруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алексей Цой "Санитарлық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" туралы бұйрыққа мынадай өзгерістер енгізді:

  • қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану орындарында ас ішетін жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады;
  • қоғамдық орындарда далада медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады.

Айта кетейік, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар далада маска тағуға міндеттелді. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылған. Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл норманың балаларға да қатысы барын айтқан еді. 

Загрузка...

Басты тақырып