13:58 05 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.52
  • EUR493.52
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1348)
359 0 0

Қазақстан коронавирус індетіне қарсы екінші вакцинаны тіркеп, жануарларға тәжірибе жасап көруге рұқсат алды

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген коронавирусқа қарсы екінші вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында тіркелді.

Институттың бас директоры Күнсұлу Закарья ол қандай вакцина және одан қандай нәтиже күтуге болатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.   

"Бұл – әлдеқайда күрделі, генетикалық түрлендірілген, мүлдем зиянсыз және қауіпсіз, вирустың беткі ақуыздары негізінде жасалған суббірлікті вакцина. Яғни, вирустың беткі ақуыздарынан белгілі бір көлемде алынады және олардың негізінде суббірлікті вакцина дайындалады. Бұл – вакцинаның заманауи нұсқасы. Мұның бәрі тез дайындалмайды, құжаттар ұзақ уақыт қарастырылады", - дейді Күнсұлу Закарья..

Оның айтуынша, құжаттар бес-жеті күн бұрын ДДСҰ-ға жіберілген, оларды кезекке қойып, зертханаларында тексеріпті.

"31 шілдеде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қазақстандық екінші вакцинасы кандидаттық вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында сәтті тіркелді", - деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды 

Алғашқы инактивтендірілген вакцина ДДСҰ сайтына 15 мамырда тіркелді. Яғни, вирус толығымен өзгермейді, бірақ жай химиялық заттармен басып, белсенділігін жояды.  

"Вакцина шығару - Қазақстанның үлкен жетістігі. ТМД елдері ішінде Ресей мен Қазақстан ғана ДДСҰ сайтына осындай вакцинаны тіркей алды. Біздің вакцинаның аталған сайтқа тіркелгені - жануарларға тәжірибе жасап көруге рұқсат берілгендігін білдіреді. Нәтиже жақсы болған жағдайда адамдарға клиникалық тәжірибе жасаймыз. Одан кейін вакцинаны тіркеу үшін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне жіберіп, ары қарай оны вакцина ретінде қолдануға болады", - деп түсіндірді ол.

Ол бірінші вакцина да клиникалық зерттеуге дейінгі тәжірибеден өткенін айтты.

"Ендігі саты - дәрі-дәрмектерге сараптама жасайтын ұлттық орталық. Олар біздің нәтижені тексереді. Қазіргі уақытта сол бойынша жұмыс жүргізілуде. Егер бәрі дұрыс болса құжаттар денсаулық сақтау министрлігіне жіберіліп, адамдарға тәжірибе жасауға рұқсат аламыз. Егер нәтиже жақсы болса қыркүйек айында клиникалық тәжірибе жасаймыз", - дейді институттың бас директоры.

Ол мұндай нәтижеге қуану керектігін атап өтті. Айтуынша, ғалымдарға халық тарапынан қолдау қажет.

"Шетелде вакцина жасаумен 2500-ге жуық, ал бізде бар-жоғы 56 ғалым айналысады. Олар осындай қысқа мерзім ішінде коронавирусқа қарсы екінші вакцина шығарды. Бұл оңай жұмыс емес. Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік", - дейді ол.

Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы кандидаттық вакцина клиникалық зерттеуден күзде өткізіледі.

Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады. Вакцина алатындардың болжамды саны – 2 347 000 адам.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1348)

Тақырып бойынша

Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Загрузка...

Басты тақырып