Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 93 820 науқас тіркелді. Олардың ішінде 27 597 пациент ем алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik.  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қатысты соңғы статистиканы жариялады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"3 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 93 820 науқас тіркелді. Олардың ішінде 27 597 пациент ем алып жатыр. 65 132 науқас жазылып шықты. Коронавирустан 1 091 адам қайтыс болды", - деді Цой үкіметтің онлайн отырысында.

Айта кетейік, кеше орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық министрі наурыз айынан бері республика бойынша 92 662 адамда коронавирус инфекциясының анықталғаны жайында айтқан. Қайтыс болғандар саны 1 058 адамға жеткені хабарланған еді.

Бір күннің ішінде тағы 33 адам инфекциядан көз жұмды.

Еске сала кетсек, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен коронавирустық пневмонияның статистикасы біріктірілген болатын.

Жаңалықтар
0