23:36 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1524)
3633 0 0

Министр бетперде тағу арқылы адамдар арасында инфекцияның таралуын барынша төмендетуге болатынын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бетпердені тағуға қатысты тағы бір маңызды мәселені жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі онлайн отырысында денсаулық министрі бетпердені тағуға қатысты соңғы өзгерістерді еске салды. Атап айтқанда, қоғамдық көлікте, тамақтану орындарында және даладағы қоғамдық жерлерде бетперде кию керек. Бірақ бірқатар санаттағы адамдарға ондай талап тарамайды. Олар – бес жасқа дейінгі балалар және спортпен айналысатындар. Далада жаттығу жасайтындардың саны бес адамнан артық болмау керек және арақашықтық сақталуы шарт. Бұдан бөлек, таза аудағы қоғамдық тамақтану орындарында бетперде тақпауға болады.

"Сонымен қатар, медициналық көрсеткіштер бойынша бетперде тағуға болмайтын адамдар маска кимесе болады", – деді Цой.

Оның айтуынша, бетпердені тағудың арқасында инфекцияның таралуын барынша төмендетуге болады. Мәселен, бір адамның вирусты тарату көрсеткіші төрт есеге дейін азаяды.

"Бетпердемен жүрген адамның вирусты жұқтыру көрсеткіші 30 процентке төмендейді. Осылайша, одан инфекция жұқтырған адамдардың саны бір айдың ішінде бірден 300-ден 85-ке дейін түседі. Ал әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты шаралармен бірге оны бір адамға дейін азайтуға болады", – деп атап көрсетті Цой.

Оқи отырыңыз: "Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1524)

Тақырып бойынша

ДДҰ бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті
"Мен сондай шешім қабылдадым": Алматы әкімі бетперде тағуға қатысты пікір білдірді
Астаналық студенттерге ресейліктер 5 мың бетперде жіберді
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
"20 миллион теңге төледі": жүздеген адам бетперде тақпағаны үшін жауапқа тартылды
Кілт сөздер:
қоғамдық денсаулық, бетперде
Загрузка...

Басты тақырып