13:05 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1516)
10298 0 0

Үкімет басшысы әлем бойынша 126 мемлекетте коронавирус жұқтырғандардың жаңа өсімі тіркеліп отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың таралу деңгейі төмендеген аймақтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Премьер-министрдің айтуынша, бір аптаның ішінде бірқатар облыста инфекцияның репродуктивті көрсеткіші, яғни, вирустың бір адамнан таралу деңгейі 1-ден төмен түсті. Олар: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан мен Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Алматы қалалары.

"Ал инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден жоғары өңірлер: Қостанай мен Ақмола облыстары. Бұл өңірлерде жағдай күрделі және аймақ әкімдерді эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударуы қажет", - деді Мамин үкіметтің онлайн отырысында. 

Үкімет басшысы әлем бойынша 126 мемлекетте коронавирус жұқтырғандардың жаңа өсімі тіркеліп отырғанын да атап өтті. 

"Пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болуымыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған іс-шаралар кешенін іске асыру қажет", - деп атап көрсетті Мамин.

Еске сала кетсек, кеше, 3 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру, деді президент.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1516)

Тақырып бойынша

Денсаулық сақтау вице-министрі екі айға қамауға алынды
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
"Телефонмен көңіл айтыңыз": вице-министр қазақстандықтарға кеңес берді
Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарады - жұрт нені талап етіп отыр
Кілт сөздер:
коронавирус, Асқар Мамин
Загрузка...

Басты тақырып