Қоғам

"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования Асхат Аймагамбетов
Министр образования Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр көпбалалы, тұрмысы төмен және жетім балаларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұрғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға қажетті техникамен қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, мектептерге техниканы сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Үлкен тапшылық бар. Оны ашық айтуымыз керек", - деді Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде қолында ешқандай құрылғысы жоқ балалардың өзі аз емес. Олардың саны 185 мың. Әсіресе, көпбалалы, жағдайы төмен және жетім балаларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

"Сондықтан 1 қыркүйекке дейін 500 мың компьютер осы балаларға таратылатын болады. Соның бәрін төртінші тоқсандағыдай балаларға мүлікті тапсыру актілерімен таратамыз. 24 мың мұғалімде техника жоқ. Бұл мәселені де мектеп техникасын уақытша беру арқылы шешетін боламыз", - деп атап Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа оқу жылында телесабақтар арқылы білім беру тәжірибесі де жалғасады. Соның бәрі "Әл-Фараби" мен "Ел арнадан" көрсетіледі. 

"Әрбіреуінде, кем дегенде, 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса, телесабақтар интернетке жүктеліп, барлық оқушы үшін тегін және қолжетімді болады", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Жаңалықтар
0