23:54 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1524)
2120 0 0

Экономикалық тергеу қызметі өзге тауар белгісін пайдалану арқылы дәрі жасағаны үшін үш адамның үстінен қылмыстық іс қозғаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ақорда пандемия кезінде дәрілік заттармен алып-сатарлық жасауға қарсы шаралардың аралық нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленсе де, медициналық препараттарды жоғары бағамен сататындар аз емес. Мәселен, 5 шілде мен 3 тамыз аралығында дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 522 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, препараттарды заңсыз дайындау мен сату бойынша 338 факті бар.

Жалпы, медициналық препараттар мен бұйымдарды сату саласында 869 құқық бұзушылық анықталды. Соның нәтижесінде 10 қылмыстық және 745 әкімшілік іс қозғалды.

"Мысалы, ішкі істер органдары Нұр-сұлтан қаласындағы дәріхананың қосалқы үй-жайынан түрлі дәрілердің 2 811 орамасын, құюға арналған 2 650 система, 400 дана бетперде мен 15 литр антисептикті заңсыз сату фактісін анықтады. Ал дәріхананың өзінде бұның барлығы сатылмаған", – делінген ресми хабарламада.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 7,4 миллион медициналық бетпердені заңсыз сату әрекетіне тосқауыл қойды. Бұдан бөлек,  өкпені жасанды желдету аппараттарын жоғары бағамен сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырған Қостанай және Қызылорда облысының денсаулық сақтау органы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды.

"Экономикалық тергеу қызметі өзге тауар белгісін пайдалану арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдан жасаған Алматы қаласының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. 60 мың дана контрафактілік 17 түрлі дәрі-дәрмек тәркіленді", – дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Атышулы қазақстандық компания төңірегінде тағы да дау шықты

Осы саладағы тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігін – 742 фактісін ішкі істер органдары анықтаған. Экономикалық тергеу қызметі 111 фактіні, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 14 тәртіп бұзушылықты әшкереледі. Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 2 фактіні анықтады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1524)

Тақырып бойынша

ЕАЭО дәрі-дәрмек нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді
Тегін дәрі-дәрмек: қайдан және қалай алуға болады
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты
Қазақстанда дәрі-дәрмек сату саласында 400-ге жуық заңбұзушылық анықталды
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, Ақорда, дәрі-дәрмек
Загрузка...

Басты тақырып