Қоғам

Ресейлік әскери дәрігерлер Қазақстанда коронавируспен күреседі

© Sputnik / Владислав ВодневВрачи работают с документами в отделении больницы с коронавирусом в Нур-Султане
Врачи работают с документами в отделении больницы с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей қорғаныс министрлігінің дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы әскери госпитальдарға көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ресейлік әскери дәрігерлер коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға келе жатыр.

РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, республикаға медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдары да жеткізілді.

"4 тамызда ресейлік әскери дәрігерлер жаңа коронавирус инфекциясымен күресте қазақстандық әскери дәрігерлерге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету үшін Чкаловский аэродромынан (Мәскеу облысы) Қазақстан Республикасына Ресей әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшағымен жіберілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыс істеген ресейлік дәрігерлер еліне қайтты 

Ведомствоның мәліметінше, ресейлік мамандар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екі әскери госпитальға көмек көрсетеді.

Медициналық бөлімшелердің құрамында әскери анестезиолог-реаниматологтар, жұқпалы аурулар мамандары және терапевтер бар, олар COVID-19 жұқтырған науқастарды диагностикалау және емдеуде кеңес беріп, тәжірибелік көмек көрсетеді.

Бір күн бұрын, 3 тамызда коронавируспен күресте қазақстандық мамандарға көмектескен ресейлік дәрігерлер тобы еліне қайтты.

Жаңалықтар
0