00:26 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1524)
218 0 0

Маман сынақтың екі кезеңінен ғана өткізілген тұңғыш ресейлік вакцинаны тіркеуге қатысты ойын айтты. Ол сынақтың ең ауқымды фазасы - үшінші кезеңнің өтуін күту керек деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз - Sputnik. COVID-19-ға қарсы вакцинаны мыңдаған адамның қатысуымен өткен сынақтың үшінші кезеңі аяқталған соң ғана қолдана бастауға болады. Бұл туралы израильдік иммунолог, профессор Яков Беркун айтты.

"Екпені дені сау адамдарға жасап жатқанымызды естен шығармау керек. Бұл емдеу тәсіліне тәуекел жасап отырған онкологиялық сырқатқа шалдыққандарға жасалатын екпе емес. Дені сау адамдарға салынады", - деді Беркун РИА Новости-ге.

Иммунолог сынақтың екі кезеңінен ғана өткізілген тұңғыш ресейлік вакцинаны тіркеуден өткізуге қатысты ойын айтты. Ол сынақтың ең ауқымды фазасы - үшінші кезеңнің өтуін күту керек деп отыр.

Маман вакцинаны сынаған дені сау жауынгерлерде әзірге дәрінің кері әсері болмағанын алға тартты. Алайда олардың жағдайын бақылауды жалғастыру керек. Сынақтың жасалғанына небәрі 3-4 ай ғана өтті.

Профессордың айтуынша, кез келген сәтсіз сынақ вакцинаға қарсы адамдар қозғалысының артуына алып келеді. Сондай-ақ, бұған дейін екпе арқылы жеңген қауіпті дерттер өршуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Ресей коронавирусқа қарсы вакцинацияны қазан айында сала бастауға әзір екенін мәлімдеген болатын.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1524)

Тақырып бойынша

Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды
Қазақстанда коронавирус эпидемиясына қатысты жағдай тұрақталып келеді - Цой
Кілт сөздер:
екпе, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып